08.10.2016
Аймақ басшысы Сергей Кулагин Целиноград ауданына жұмыс сапары барысында кәсіпкерлермен кездесті. Облыс әкімі алғашқылардың бірі ағаштан әр түрлі бұйым жасайтын кәсіпкермен кездесті. Одан әрі әкім Ботан отбасымен кездесті, олар биыл металдан пеш жасау ісін бастаған болатын.
Кәсіпкердің айтуынша, қызметтің аталмыш түрі өрлеп жатыр. «Қазір біз күніне бір пеш жасаймыз. Бір пештің құны 250 мың теңге. Бүгінгі таңда сатылым жақын ауылдарда жүзеге асырылып жатыр. Алайда бұл бастама ғана», - деді Райымхан Ботан.
Өз кезегінде С.Кулагин шағын және орта бизнес - өңірлік және республикалық деңгейде көп көңіл бөлінетін экономиканың түрі екенін атап өтті.