• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада өтетін жәрмеңкеде ШҚО 300 тоннаға жуық түрлі ауыл шаруашылық өнімдерін ұсынады 07.10.2016

Оның хабарлауынша, тәуелсіздік жылдарында Шығыс Қазақстан облысы әлеуметтік-экономикалық дамуда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет және спорт салаларында жарқын жетістіктерге жетті. Өңірде 170 білім нысаны өз есіктерін айқара ашты, оның ішінде 138 мектеп, 32 балабақша бар, 118 астам денсаулық сақтау нысаны ашылды. Мұнымен қоса, 40 мәдениет нысаны іске қосылып, спорт саласында 311 жаңа нысан пайдалануға берілді.

«Тәуелсісздік жылдары облыстың ішкі жалпы өнімі 260 есе өсіп, жалпы аймақтық өнім көлемі 330 есеге көтерілді.  Аймақ өзінің металлургия саласындағы жетістіктерімен танымал. Өндірістік өнім көлемі 30 млн. теңгеден 1 млрд.астам теңгені құрап, 34 есе өскен», - деді Ж.Омар.

Өңір басшысының орынбасары, сондай-ақ, Шығыс Қазақстандық облысы Астанада ұйымдастыратын шаралар туралы айтып өтті. «Қазан айының 8-9 күндері «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алаңында «Қазақстанда жасалған» атты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылатын болады. Жәрмеңкеде елорда тұрғындарына      300 тоннаға жуық түрлі ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылмақ», деп қосты ол.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының Астанадағы күндері аясында мәдени шаралар да қарастырылған. 8-қазанда «Көрме» орталығында  Шығыс Қазақстанның Берел қорымы, Шілікті обасы сынды бірқатар тарихи орындарда табылған құнды археологиялық артефактілердің көрмесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өңірдің бай мәдени өмірін таныстыратын «Шығыс Қазақстан суретшілері.Уақыт портретіне штрихтер» және «Үлкен жол кезеңдері» тақырыбындағы сурет және фото көрмелері, Ұлттық Академиялық кітапханасында «Тәуелсіздіктің жарқын жетістіктері: Шығыс Қазақстан» атты кітап көрмесі, театр сүйер қауымға, дәл осы күні Өскемен қаласындағы облыстық драма театры сахналайтын К. Людвигтің «Жұлдызды сәт» қойылымы және Семей қаласының Абай атындағы облыстық театры ұсынатын Ф. Достоевскийдің «Дядюшкин сон» атты спектакілі ұсынылып, «Қазақстан» спорт сарайында «Торпедо» және «Астана» балалар хоккей командалары арасындағы достық турнирі, балаларға хоккейден шеберлік сабағы өткізіледі.

 

 


Back to the list