• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда 2016 жылы   ет өндірісі 7,8%-ға артты 07.10.2016

2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шаруашылықтардың барлық санаттағы өндірісі ұлғайды, оның ішінде, сойыс салмағы 3,1% (560,2 мың тонна), сүт – 3,3% (3 781,3 мың тонна), жұмыртқа – 0,4% (3 185,1 млн. дана) құрады.

Агроқұрылымдарда өнім өндірісінің айтарлықтай өсімі байқалуда. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айына дейін ет өндірісі 7,8% (229,7 мың. тонна), сүт – 15,8% (843,5 мың. тонна), жұмыртқа – 0,1% артты.

Айта кетсек, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК дамыту бойынша ЖШҚ әлеуетін пайдалануда. Аталған жоба ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға бағытталған.3 жыл ішінде (2016-2018 жж) 75 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету жоспарлануда.

 


Back to the list