• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмолалық туристік компаниялар халықаралық көрмеде жүзден астам келісімшарт жасады 06.10.2016

«Astana Leisure» халықаралық көрмесіне Қазақстан, Венгрия, Вьетнам,  Германия, Грузия, Үндістан, Корея, Мальдив, Ресей, Словения, Таиланд, Түркия, Украина, және тағы басқа елдердің әуе компаниялары, шипажайлары, туристтік фирмаларының жүзге жуық өкілдері қатысты. Вьетнам социалистік республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хиен ханым, Қазақстандағы Вьетнам елшілігінің бірінші хатшысы Туан мырза және «Iteca» ЖШС-нің директоры   Юрий Бородихин көрменің құрметті қонақтары болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша «Astana Leisure» көрмесі нарық сарапшыларының халықаралық тәжірибесімен алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға, жаңа бағыттарды ұсынуға және туристтік саланың тиімді даму жолдарын анықтауға мүмкіндік беретін орталық Азия аймағындағы басты диалог алаңдарының бірі болып табылады.

Көрме экспозициясындағы көрнекті орынға Қазақстанның ұлттық стенді орналасты. 350 шаршы метр аумақтағы алаңда еліміздің он төрт облысы мен Астана және Алматы қалаларының туристтік әлеуеті ұсынылған.

Туризм басқармасы бастаған Ақмола облысының делегациясын «Зеленый бор», «Алмаз», «Щучинский» шипажайлары, «Park House Kokshetau» қонақ үйлері, «Бурабай даму» ЖШС-і, «Белсенді туризм және демалыс орталығы» және «Глобус»,  «Nika Тур» туристтік фирмалары ұсынды.

Ақмола облысындың стендінде барлығы туристтік саланың 27 өкілі жұмыс істеді. Өңірдің жалпы көрме алаңы 20 шаршы метр алаңды құрады.

Көрме жұмысы барысында ақмола облысы делегациясы қатысушыларымен облыстың туристтік мүмкіндіктері туралы 20 мыңнан астам жарнама өнімдері ұсынылды. Ақмола облысының көрмесіне қатынаушыларға өңірдің туристтік әлеуеті жайлы жарнама роликтері мен бейне фильмдер көрсетілді.

Облыстың туристтік ұйымдарымен «Astana Leisure 2016» көрмесінде отандық және шетелдік туристтік компаниялармен жүзге жуық келісімшарттар жасалып, туристтік бизнес бойынша 300-ден астам әлеуетті серіктестермен байланыс орнатылды.


Back to the list