• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Үкіметтік топ Ақтөбе облысында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға  көмек алудың жаңа форматын түсіндірді 03.10.2016

Шара барысында үкіметтік топ өкілдері әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу  бойынша қатысушыларға  бизнесті дамыту бағдарламаларын түсіндірді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша,  кәсіпкерлер ШОБ субъектілеріне  жылыжай, наубайхана мен кафе, асханаларға  жер бөлу үрдісін жеңілдетуді ұсынды. Рұқсат беру жинағын төлеу  мен оны қайта қарау  алкогольдік өнімді жүзеге асыру және қызметтің жеке түрлерін жүзеге асыру  уақыты шеңберінде  орындалуы  керек.

«Әлеуметтік мәселелерді шешу» аясында 28 шара өткізілді,  облыстың Алға ауданында 690 адам қамтылды. Үш тұрғынға  оралман мәртебесін растау туралы хат ұсынылды. Сондай-ақ, топ мүшелері  13 әлеуметтік аз қамтылған отбасы мен 6 мүгедек  тұратын жанұяға барып әлеуметтік көмек алудың жаңа форматын түсіндірді.

Оған қоса, «Денсаулық» медициналық пойызы  132 адамды қарап шыққан.  Профилактикалық қарау №1 ОМ 109 оқушысына жүргізілді. ҰИИ, Астана және Алматы ҰО  және М. Оспанов атындағы БҚММА  мамандары 244 пациентті қабылдады, оның 9-ы Астана мен Алматы медорталықтарына емделу үшін бағытталды.

Айта кетейік, Ақтөбе облысына үкіметтік топ мемлекеттік және салалық бағдарламлаарды түсіндіру үшін ат басын бұрды. Сондай-ақ, олар әлеуметтік мәселелерге шешім табу үшін қолғабыс көрсетуде.


Back to the list