03.10.2016
Ағымдағы жылдың басынан бері (2016 жылғы қыркүйек 2015 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі жармаларға 32,5%, шайға – 25,8%, қантқа – 22,4%, нанға – 16,1%, қайта өңделген және консервіленген көкөністерге – 13%, кондитерлік өнімдерге – 11,9%, күнбағыс майына – 11,8%, салқындатылған сусындарға – 10,8%, макарон өнімдеріне – 10,2%, жеміс және көкөніс шырындарына – 9,3%, құс етіне – 8,7%, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға – 8,3%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 7,9%-ға белгіленді.
Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге 27,8%, жұмыртқаға – 8%, шикі сүтке – 7,9%-ға тіркелді.
«Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 14,4%, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына – 12,1%, жеке қолданатын тауарларға – 9,3%, тұрмыстық аспаптарға – 9,2%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 8,9%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 8,3%, тоқыма бұйымдарына – 7,2%, автомобильдерге – 7,1%, киім және аяқ киімге – 6,5%-ды құрады. Дизель отыны 27,3%, баллондағы сұйытылған газ – 17,5%-ға қымбаттады», - делінген хабарламада.
Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 8%, білім беру – 6,1%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 5%, мейрамханалар мен қонақ үйлер – 4,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 2,9%-ға өсті. Жолаушылардың алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен жол жүру ақысы 12,5%, әуе көлігіне – 11,8%, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен – 8,4%-ға жоғарылады.
Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге 25,2%, суық суға – 12,4%, қоқыс шығаруға – 11%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 7,4%, орталықтан жылытуға – 7,3%, электр энергиясына – 6,3%, ыстық суға – 5,1%-ға өсті.