• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Талдықорғанда МЖӘ аясында  320 орындық балабақша ашылды (ФОТО) 30.09.2016

Облыс әкімі А. Баталов балалар мен олардың ата-аналарын, жаңа мекеме ұжымын қуанышты жаңалықпен құттықтап, істеріне табыс тіледі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытып келеміз. Бүгін, міне, кезекті қуанышты күн. Кәсіпкерлердің көмегімен тағы бір жаңа балабақша ашып отырмыз. Қаланың кішкентай тұрғындарын, олардың ата-аналарын, балабақша ұжымына сәттілік тілеймін», - деді облыс басшысы.

Ашылу салтанатынан кейін облыс әкімі балабақша ғимаратын аралап, музыкалық залды, дене шынықтыру залын көрді. Мекеменің бір тобына кіріп, балаларға ойыншықтар мен теледидар тарту етті.

Талдықорған қаласының 6-шағын ауданындағы бұл балабақшаның құрылысы 2015 жылдың тамыз айында басталған болатын. Жалпы алаңы - 2500 шаршы метр. Балабақша мемлекеттік тапсырысқа енгізілген. Мұнда 16 топ ашылып, 100-ге жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілмек.

Жалпы, бүгінгі күні Талдықорған қаласында 7998 бала мектепке дейінгі мекемелерге барады. 16 мемлекеттік, 29 жекеменшік балабақша және 9 мектеп жанындағы шағын орталықтар жұмыс істейді.

Облыста биылғы жылы 84 балабақша салынса, соның 78-і мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі бойынша жүзеге асырылуда.


Back to the list