• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ҚР-да  мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден  бюджетке  7 млрд теңге түсті 29.09.2016

«2014-2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 622 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусымнан 2016 жылдың тамызға дейінгі кезеңде 523 объекті жекешелендіруге жоспарланған. 2016 жылдың 26 қыркүйектегі жағдай бойынша іс жүзінде саудаға 509 объект шығарылды, оның 314 объектісі сатылды, оның ішінде республикалық меншік бойынша – 19, коммуналдық меншік бойынша – 157, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бойынша – 81, холдингтер бойынша – 57», - деді Э.Өтепов.

Бұл ретте, сатудан түскен қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 7 млрд. теңге, облыстық бюджеттерге - 5,1 млрд. теңге, Холдингтерге – 68,1 млрд. теңге, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға – 6,4 млрд. теңге түсті.

Ботагөз Айтжанова


Back to the list