• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ШҚО-да мемлекеттік қызметкерлерге арналған мобильдік қосымша іске қосылды 29.09.2016

«ҚР мемлекеттік қызметі» мобильдік қосымшасы  ШҚО мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменті мен ішкі саясат басқармасының бастамасымен  әзірленді.  Ол виртуалдық Play Market дүкенінде  пайда болды. Бір тәулік ішінде оны 50 адам жүктеп үлгерген. Жақын арада iOS платформасын қолданушылар үшінде қолжетімді болады, деді ШҚО ақпараттық орталығы.

Департамент басшысы айтқандай, Этика кеңесі  жөніндегі төраға Тоқтамыс Жұмағұлов  қосымша барлық үміткерлер үшін қажетті ақпаратты қамтығанын айтты. Байқау санағынан өткен соң  үміткер дәл тапсыратын күні қай бағытқа бейімделетінін біледі.

Мемлекеттік қызметке тұру және өзге ақпараттарды интернет желісіне қосылмай игеру, қосымшаның бірегейлігін көрсетеді. 


Back to the list