27.09.2016
Жеке меншік кәсіпорындардың және жеке кәсіпкерлердің тауар өткізу айналымы 125027,7 млн. теңге (86,2%), басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғаларының және азаматтарының меншігінен 19935,7 млн. теңге (13,8%) құрады.
2016 жылғы қаңтар-тамызда облыстың көтерме тауар айналымы 196066 млн. теңге құрап, 2015 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 24,9% кеміді. Тауар айналым көлемінің басым көпшілігі (көтерме сауда көлемінің 76%) мемлекеттік емес сектор арқылы жүзеге асырылды.
2016 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек тауар айналымының қомақты өсуі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда Индер (139,7%-ға) және Құрманғазы (26,7%-ға) аудандарында байқалды.