• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада 4 млрд теңгенің мүлкі  заңдастырылды 10.02.2015

«2015 жылдың 30 қаңтарына дейінгі Астана қаласы әкімдігінің көрсеткіші бойынша, қала бойынша құжат қабылдау басталған күннен бастап 1272 өтініш келіп түскен. Барлығы 513 тұрғын үй, 491 тұрғын емес және 23 коммерциялық нысан заңдастырылды», - делінген хабарламада.

Бүгінге дейін астаналықтар 4 млрд теңгенің мүлкін заңдастырды. Ақшаны заңдастыру бойынша екінші деңгейдегі банктерден Астана қаласының бюджетіне түскен сома 66 818,0 мың теңгені құрады.

Мүлікті заңдастыру 2017 жылы өтетін жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жаппай декларациялауға дайындық болып табылады.Осыған орай оралмандар мен шетелдерде мүлкі бар азаматтар мүлік пен капиталды заңдастыруға асыққандары жөн.

 


Back to the list