• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда жекешелендіру аясында 145 нысан сатылды – Қаржы министрлігі 10.02.2015

Бастапқы 39 568 млн теңгеден сату бағасы 40 447 млн теңгеге жетті. «Қаржы мына тәртіппен орналасты: республикалық бюджет – 336 млн теңге, облыстық бюджет – 691 млн теңге, холдингтер – 36 698 мле теңге, ӘКк – 2722 млн теңге», - деп нақтылады министрлікте.

Республикалық меншікті сатудың 2014-2015 кестесі бойынша жекешелендіруге 34 нысан енеді. 2014 жылдың маусым айы мен 2015 жылдың қаңтар айларында сатылымға 14 нысан қойылды, оның 5-і сатылып, 9 нысан сатылымға қатысу өтінішін бермеген соң жүзеге асырылмады.

Коммуналдық қажеттілік бойынша жекешелендіруге 244 нысан жатады.2014 жылдың маусымы – 2015 жылдың қаңтары бойынша жекешелендіруге 132 нысан жатады. Оның 126-сы сатылымға шығарылып 60 нысан сатылған болатын.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бойынша 110 нысанды сату жоспарланған. 2014 жылдың маусымы мен 2014 жылдың қаңтары аралығында 76 нысан жекешелендірілді. Сатылымға 62 нысан шығарылып,  46-сы сатылды, 14 нысан сатылымнан шеттетілді.

Ұлттық компаниялар мен холдингтар бойынша жекешелендірілуге 106 нысан тиесілі. 2014 жылдың маусымы мен 2014 жылдың қаңтары аралығында 65 нысанды сату жоспарланған. Олардың 34 нысаны сатылды.


Back to the list