11.02.2015
«Қызметтік сапардың мақсаты – жауынгерлік және жұмылдыру даярлық деңгейін, жауынгерлік кезекшілікті, әскерлер қызметін, қару-жарақ пен әскери техниканы, тылды, барлық қамтамасыз ету қызметтерінің материалдық құралдарын қорын тексеру, сонымен қатар жеке құрамның моральдық-психологиялық ахуалы мен әскери тәртіпті бағалау», - делінген хабарламада.
«Іс-шараның басты мақсаты – жеке құрамның жауынгерлік дағдысын, ұжымдағы ынтымақтастықты, қабылданатын шешімдердің үйлесімділігін, әскери қызметшілердің моральдық-кәсіби шеберліктерін, әскери бөлімдердің қысқа мерзім аралығында сәйкес шешім қабылдау қабілеттерін жан-жақты тексеру. Біз әрқашанда жеке құрамға үлкен көңіл бөлеміз, өйткені олар біздің еліміздің әуе кеңістігін қорғау үшін аса қиын табиғи жағдайларда жауынгерлік қызметтерін атқарады», - деді генерал-майор Нұржан Мұқанов.
Аталған іс-шаралар барысында жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Жезқазған және Сарань қалаларының әскери бөлімдері тексеріліп, жеке құрамның жауынгерлік даярлық біліктіліктері, үйлесімді жұмыс жасай алу қабілеттері анықталды. Сонымен қатар, Әуе шабуылына қарсы әскерлерінің қолбасшысы қызметтік сапар барысында арнайы рота үшін кешенді объектілердің құрылысы мәселесін қарастырды.
Тексеру қорытындысы бойынша ӘҚК Бас штаб офицерлері бригада және арнайы рота командирлері үшін әдістемелік нұсқаулар беріп, қажетті кеңес түрінде көмек көрсетті.