• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қостанай облысында өндірістік өнеркәсіптерді қолдаудың 2015 жылға арналған өңірлік жоспары дайындалды 10.02.2015

«Сондай-ақ, бизнес өкілдерімен бірігіп өндірістік өнеркәсіптерді қолдаудың  2015 жылға арналған жоспарға енгізілетін ұсыныстар ҚР инвестициялар және даму министрлігіне жіберілді. Қостанай облысының ұсыныстары жүйе құратын кәсіпорындарда тұрақты жұмыспен қамту жайы қарастырылады», - делінген хабарламада.  

Қостанайлық кәсіпорындарға 50 ұсыныс келіп түскен. Онда аймаққа қатысты мәселелер: кәсіпкерлік субъектілерінің салық төлеуі, ол экспорт тауарынан түскен түсімді есептемегендегі жағдай бойынша, электр энергиясы мен газға бағаның төмендеуі, курс бағамы өзгерген жағдайдың өзінде мемлекеттік субсидиялардың бөлінуі сынды ұсыныстар бар.

Арқалық, Жітіқара моноқалаларындағы кәсіпорындарды  қолдау бойынша  жеке блоктар ұсыныстар дайындады. 


Back to the list