• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
СҚО-да білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізу бойынша кешенді жоспар дайындалады 11.02.2015

«2014-2015 оқу жылының жылу беру маусымына 731 нысан ендi, олардың 547 орта бiлiм беру мектебi, 76 балабақша, 7 арнайы мекеме, 74 қосымша бiлiм беру және 27 техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары», - делінген хабарламада.

Шолпан Kaринова атап өткендей, жылыту маусымына жазғы кезеңдегi дайындық кезiнде қазандықтарды сұйық отыннан қатты отынға ауыстыру, 21 нысанда қазандықтарды ғимараттан шығару, жылыту жүйесi мен жылу құбырларын жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, 23 нысанда сорғыштар мен электрқозғалтқыштар, 44 бiлiм беру нысанында қазандықтар ауыстырылды.

Облыс әкiмi аудандық әкiмдiктерге бiлiм беру ордаларында күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу бойынша жоспарларын даярлауды жүктедi, деп хабарлады облыс әкімдігі.


Back to the list