10.02.2015
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, жиынның мақсаты - әскери қызметшілердің білімін, біліктіліктерін, шеберліктерін шыңдау, сонымен қатар сержанттар арасында тәжірибе алмасу. Жеке құрамдағы тәрбие жұмыстары мен оларды оқыту әдістеріне ерекше көңіл бөлінді. 10 күн ішінде сержанттар бөлімшелер мен әскерлердің тактикасын жетілдіру ісін меңгеріп, барлау даярлығынан өтті.
« Атап айтқанда барлауды жүргізудің әдістерін зерттеп, шартты жаудың әрекеттері туралы ақпаратты талдау жұмыстарын машықтады. Сондай-ақ, әскери қызметшілер атқыштар қару-жарағынан ату ережесі мен әдісін көрсетіп, әскерилерді оқытудың тиімді тәсілдерін талқылады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жеке құрамды жаппай қырып жою қаруынан қорғау, жаңа байланыс құралдарын зерделеу, келіссөздер жүргізу ережері меңгерді. Сержанттар жергілікті жерде (түңгі және күндізгі уақытта) картамен және картасыз бағдарлау, координаттарды анықтау тәсілдерін көрсетті. Әскери қызметшілер қару-жарақпен және қарусыз саптық даярлықтан өтіп, дене шынықтыру, әскери-медициналық және техникалық даярлық жаттығуларын орындады.