• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысында жылына 60 мың тонна болатын құс фабрикасы іске қосылады 09.02.2015

«Бүгін облыс әкімі С.В.Кулагин «Aitasgroup»компаниясының құрылтайшысы, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ бас директоры С.К.Толықпаевпен кездесті. Тараптар Бұланды ауданындағы Макинск құс фабрикасының іске қосылу мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.

Нысанның жалпы құны 135,4 млн. долларды құрайды. Макинск құс фабрикасының жобалық қуаттылығы 60 мың тонна тірі салмақты құрамақ.

2017 жылдың маусым айында 8 бройлерлік алаңқайларды, 6 құс күркесін, инкубатор, әкімшілік алаңқай және қалдықтарды өңдейтін шеберхана іске қосу жоспарлануда.

 Жоба «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына инфрақұрылымды жеткізу және несие/лизинг бойынша сыйақы мөлшерін субсидиялау үшін  және «Агро Бизнес 2020» бағдарламасына инвестициялық субсидия алу үшін енгізілген.  

 


Back to the list