• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстан Ресейден келетін мұнай өнімдеріне шектеу қоюға мүдделі емес - Мыңбаев 09.02.2015

«Бүгінде барлық аймақтардағы резервуарлар толы және ол біздің мұнай зауыттарындағы өнімдерді өкізу бойынша нақты проблемалар туындатуда», - деді  С.Мыңбаев.

Ұлттық компания басшысы атап өткендей, ішкі нарық төмен бағадағы мұнай өнімімен қамтамасыз етілуі тиіс.

«Алайда бір жағынан бұл МӨЗ аймақтардың түрлі салықтарын төлеуші болып табылады. Егер олар тауарларын өткізе алмаса онда жергілікті бюджеттің проблемалары болуы мүмкін», - деп толықтырды ол.

Ресей Федерациясынан Қазақстанға  келінетін мұнай өнімдернің көлемі дәстүрлі түрде 1,8 млн тоннаны құраған болатын, деп еске салды Мыңбаев.

«Басқа мәселе Ресей Федерациясынан әкелінетін мұнай көлемінің  бұрынғыдан асып бара жатқандығында, әрине бұл  бiздiң мұнай өңдеушi зауыттарға әсер етедi. Бiрақ, бүгiнгi таңда Ресейден келетiн жанар-жағармай көлемi шектелсiн деген шешiм қабылданған жоқ. Жақын арада қабылданбайды деп санаймын», - деді ҚМГ басшысы

Камила Амирова

 


Back to the list