09.02.2015
2014 жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерлік саласында сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің көлемі 411,7 млрд. теңгені құрады.
«2014 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 692,6 млн. теңге бөлініп, игерілді.Облыста бағдарлама жүзеге асырылғаннан бері 32,1 млрд. теңге несие сомасына 239 жоба мақұлданып, 2 462 жаңа жұмыс орны құрылды.Олардың ішінде, 2014 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 11,8 млрд. теңге сомасына 56 жоба субсидияланып, 856 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 1,7% жоғары. Субсидияланған жобалар саны 2013 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артты», - делінген хабарламада.
Облыстың ауыл кәсіпкерлерін несиелеу үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп келеді. Соңғы екі жылда 457 млн. теңге бөлініп, шағын және орта бизнес субъектілерінің 98 жобасы іске асырылды және 220 жаңа жұмыс орны құрылды.