09.02.2015
Маңызды құжатқа ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен жиында қол қойылды, деп хабарлады Ұлттық компания.
Бұдан бұрын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі және «Uniserv» ЖШС жұмыс орындарын қысқартпау, жұмысшылардың жалақыларын кемітпеу және автокөлік жолдары құрылысының сапасын қамтамасыз ету туралы меморандумға қол қойған болатын.
Сонымен қатар, «Гидромаш-Орион-МЖБК» ЖШС-мен жалпы құны 50 миллион теңгені құрайтын, тағы бір меморандумға қол қойылды. Бұл құжатқа сәйкес, тараптар ҚР автожол саласының жобалары үшін темір бетон өнімдерін жеткізіп беру туралы келісті.
Айта кетейік, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы төрағасының орынбасарлары апта бойы, Үкімет басшысының орынбасарлары бастаған сапартоптардың құрамында болып, еліміздің аймақтарын аралады. Осы сапарлардың барысында отандық тауарөндірушілерді қолдауға бағытталған, жалпы құны 23 миллиард теңгені құрайтын бірқатар құжаттарға қол қойылды. Сондай ақ, еліміздің кәсіпорындарындағы жұмысшылардың енбек құқықтарының сақтау туралы келісімшарттар жасалды.