09.02.2015
ІІД ӘҚБ бастығының орынбасары Госман Жакин осы жылдың басынан бері тәртіпсіздік, алкоголь сусындарын қолдану, қоғамдық орындарда қоқыс лақтыру сынды ұсақ-түйек қылмысқа «нөлдік шыдамдылық» ұстанымын жүзеге тасыру барысында 5 мың әкімшілік құқық бұзушылық фактісін анықтады.
Ұсақ-түйек қылмыс жасаған үшін 495 адам тартылды, оның 49-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 446-ына айыппұл салынды. Полиция инспекторлары тыныштықты бұзудың 445 жағдайын тіркеді. Қоғамдық орындарда темекі шеккен үшін 1430 адам жауапкершілікке тартылды, 1,5 мың тәртіп бұзушы қоғамдық орындарда алкоголь қолданғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру аясында қоғамда «нөлдік толеранттылықты» қалыптастыру үшін полиция қызметкерлері сот органдарымен қоса қоғамдық орындарда тәртіпбұзғандарды жауапкершілікке тарту үшін бұқаралық шаралар ұйымдастырылуда.
«Осы жылдың қаңтар айында жоғары және орта білім беретін мекемелерде 8 ашық сот отырысы өтті, ол шараларда ұсақ-түйек тәртіпсіздік қаралды», - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары аталмыш шаралар құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша тиімді шаралар болып есептеледі.