• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауы онлайн режимде жұмыс істей бастады 08.02.2015

Ақтөбе облысының ІСБ хабарлағандай, қоғамдық қабылдау бөлмесінде жер қатынасы басқармасының жетекшісі Қабай Сәрсенғалиев кезекшілік атқарды. Оған Темір ауданының бірнеше тұрғыны жер қатынасына байланысты сұрақтарын қойды. Ол үшін ауылдықтар облыс орталығына келмей-ақ, скайп арқылы көкейлерінде жүрген сқрақтарын қойды.

«Жаңа пилоттық жобаның ерекшелігі осында. Партияның ел бойынша 241 бөлімі бар, өткен жылы аталмыш жүйені қолданушылар саны 26 мың адамды құраған болатын. Бұл азаматтардың сұрақтарына жылдам жауап беріп, депутаттар мен меморгандардың халықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, «Нұр Отан» партиясының пилоттық жобасы «Қазпоста» АҚ серіктестігінің арқасында тегін интернетке қол жеткізді.

 


Back to the list