06.02.2015
ХОК мүшелері бірнеше күн аясында қаланың спорт нысандарын аралап Алматының Олимпиада – 2022 қабылдауға дайындығын қарайды. Делегат құрамында Александр Жуков – Ресей Федерациясының ХОК басшысы, РФ вице-премьері, Цунеказу Такеда – Жапония Олимпиада комитетінің төрағасы, Адам Пенгили – халықаралық спортшылар өкілі бар.
Олимпиада-2022 өткізу үшін 6 қала өтініш берген болатын, оның ішінде Алматы, Пекин, Осло қалалары басты үміткер ретінде таңдалған. Өткен жылдың қазан айында Норвегия өз өтінішін қайтарып алды.
«Алматы-2022» өтініш беру комитеті тұжырымдама әзірледі. Ол 8 спорт нысанын қолдануды сондай-ақ, тағы 4 нысанның құрылысын қарастырады. Оның екеуін Өскеменде ашу жоспарланған.