• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Шығыс Қазақстанда ҰОС ардагерлері туралы сайт ашылады 05.02.2015

«Біз Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын ауқымды түрде тойлаймыз. Шығыс Қазақстанда   614 ҰОС ардагері мен 27 918 тыл ардагері өмір сүреді. Айта кетерлігі, әрбір бесінші қазақстандық – Кеңес Одағының батыры біздің өңірдің тумасы. Жас ұрпақ өз батырларын білу үшін олар барлық ақпаратты  білулері  керек. Бізде облыстық сайт әзірленетін болады. Онда ардагерлердің өмірбаяны, көркем фильмдер көрсетілетін болады», - деді ол.

ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай, 1 наурыз күні облыста «Жеңістің 70 жылдығына 70 күн қалды: ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» акциясы басталады. Акцияға шығысқазақстандықтардың барлығы қатыса алады.

ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне бір реттік материалдық көмек көрсетілетін болады. Облыста кезекте тұрған ардагерлерге наруыз айында пәтер беріледі. 


Back to the list