05.02.2015
Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, кәсіпорын заманауи жылыжай кешенінде 2007 жылдан бастап раушан өсіріп келеді. Степногорсктық раушандар өзінің сапасымен танымал. Жылыжайдың жобалық қуаттылығы күніне 12 мың дана раушан болса, жылына 5 млн дана раушан.
Хабарламада аталып өткендей, дайын өнім тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана емес, Ресей Федерациясында да саудаға шығарылады. Жалпы, кешен голандиялық үлгідегі өсімдік өсіру заманауи техникасымен жабдықталған. Бір сөзбен айтқанда ондағы жүйе толығымен автоматтандырылған.
Бүгінде кешеннің қызғалдақ өсіруді игере бастағанына көп болған жоқ. Қызғалдақтарды өсіру маусымы қаңтар-сәуір айлары. Айта кетерлік жайт, қызғалдақтарға да сұраныс көп. Кешеннің жетекшісі Фатима Ілиясованың айтуынша, голландиялық раушандар 3 гектар жерге өсіріледі және мұнда 60 адам еңбек етуде.