05.02.2015
«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында әлеуметтік міндеттемелерді толық атқару мәселесі қойылған. Келісім қатысушылары үшін әлеуметтік әріптестік әр тараптың қызығушылығын арттырады», - деді облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жиын ашылуында.
Облыс әкімдігі хабарлағандай, келісім әлеуметтік-экономикалық міндеттемелерді жүзеге асыру үшін жасалып отыр. Бұл Келісімде әлеуметтік қарым-қатынастардың басты мәселесі әлеуметтік-еңбек қатынасын жүргізу, сонымен қатар, экономикалық саясат саласында және де жұмыскерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету қарастырылған.
Аталған құжат бойынша жұмыс берушілердің жауапкершілігі, жұмыскерлердің өндірістік еңбек деңгейін көтеру, денсаулық сақтау мәселелері қарастырылған. Оған қоса, мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс орнын қарастыру, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында өндірістік және экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз ету.
Салтанатты жиында «Қарағанды облысы кәсіподақтар орталығы» бірлестігінің төрайымы Любовь Қуанышбекова, Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Мәдениет Божбанов, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ облыстағы жұмыс берушілер Кеңесінің төрағасы, еңбек қатынасы және еңбек ресурстары бойынша директор Дмитрий Павлов қатысты.
«Аталмыш жағдайға байланысты әкімшілік еңбек ұжымы арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу тиіс және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскерлер кездесу өткізу керек», - деді аймақ басшысы.