• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«ҚТЖ» ҰК» АҚ 9 облыс әкімдіктерімен  68,4 млрд  теңгенің меморандумына қол қойды 05.02.2015

Аталмыш мәселе  ҚР Үкіметінің қаңтарда бекітілген «Өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдаудың 2015 жылға арналған жоспарлы шаралары» туралы маңызды құжатты жүзеге асырудан туындады, деп хабарлады Ұлттық компания.

Серіктестік туралы  Меморандум еліміздің экономикасын одан әрі дамытудың ауқымды мемлекеттік шараларына арналған. Оның ішінде өндірістегі қазақстандық үлесті көбейту мен жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтудың маңызы зор.

«Меморандумға қол қою арқылы темір жол көлігі саласындағы бірқатар бірлескен инновациялық жобалар жүзеге асырылып, компанияның өндірістік әлеуетін арттырады. Отандық тауар өндірушілер қолдау табады», - делінген хабарламада.

Таяу арада «ҚТЖ» ҰК» АҚ Астана қаласының бірқатар өндірістік кәсіпорындарымен өзара серіктестік туралы уағдаластыққа қол қоюды жоспарлап отыр.

 


Back to the list