• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қостанай облысында 18 млрд теңгенің 30 меморандумы жасалды 04.02.2015

Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлағандай,  вице-премьер жергілікті қамтуды дамыту және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес өткізді. 

Кеңес қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» АҚ, «КЕГОК» АҚ, «АгромашХолдинг» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «ССГПО» АҚ, «Орион Минералс» ЖШС және т.б. ұлттық компаниялар мен кәсіпорындар арасында жұмыс орындарын сақтау, өндіріс үдерістерін тұрақтандыру, сондай-ақ жергілікті қамтуды дамыту бойынша меморандумдарға қол қойылды. Жалпы 18 млрд теңге сомаға 30 меморандум жасалды. 

Қол қою барысында Б.Сапарбаев Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан бизнесті дамыту бойынша жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

«Біз кәсіпкерлік ортаны жақсартамыз, және мүмкіндігінше отандық нарықта осы жұмыс берушілер өндіретін тауарлар мен көрсететін қызметтерге деген сұранысты кеңітуге қол ұшын береміз. Біздің ынтымақтастығымыз еңбек нарығын сауықтыруға мүмкіндік беріп, еңбек ұжымдарында әлеуметтік қауырттылықтың артуына жол бермейді деген үміттеміз», - деп баса айтты вице-премьер.

 


Back to the list