• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ШҚО-ның Глубокое ауданында мал шаруашылығының жалпы өнімі 7,5 млрд теңгені құрады – әкім 04.02.2015

Оның айтуынша, өткен жылы ауданда ет, сүт, жұмыртқа өндірісі ұлғайды. Сондай-ақ, мал басы мен құс көбейді. «Сүт өнімінің өндірісі 13 мың тоннаны құрады, ол 2013 жылмен салыстырғанда 8,7 пайызға жоғары», - деді ол.

Сондай-ақ, әкім атап өткендей, ауданда «Сыбаға» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда. «Бүгінде аудан аграрилерінің алдында мал басын 22 мың 200 басқа жеткізу міндеті тұр. Ет өнімін – 7 мың тоннаға, сүт  өнімін– 47 мың тоннаға жеткізу қажет», - деді А.Бекбосынов.

ШҚО Ақпараттық орталығы хабарлағандай, Даниал Ахметов кездесуді қорытындылады.

«Елбасы Н.Назарбаев «Нұрлы жол» халыққа Жолдауында біздің алдымызға белгілі тапсырмалар қойды. Оның жүзеге асуына барлығымыз атсалысуымыз қажет. «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» - уақыт сынына жауап беретін тамаша мүмкіндік», - деді ол. 


Back to the list