• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2014 жылы Петропавлда 100 млрд теңгенің өнеркәсіп  өнімі өндірілді 04.02.2015

СҚО статистика департаменті хабарлағандай, өткен жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өнімінің негізгі көлемі Петропавл қ. (101 млрд.теңге), Ғ.Мүсірепов (16,6 млрд. теңге), Тайынша (9,5 млрд. теңге) және Қызылжар аудандарында (8,6 млрд. теңге) өндірілді, оларға өнеркәсіп өнімдерін өндірудің облыстық көлемінің 85%-ы тиесілі. 2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өндіріс көлемінің ең үлкен өсуіне Ғ.Мүсірепов (22,4%-ға), Аққайың (22,2%-ға), Есiл аудандарында (19%-ға) қол жеткізілді.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының өсуі облыстың 11 өңірінде байқалды. 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда едәуір өсім Есіл ауданында байқалды (7,2%-ға). Облыстың өнімді (қызметті) жалпы шығарудың жалпы көлеміндегі айтарлықтай үлес салмақты Тайынша (16%) және Ғ.Мүсірепов (13,9%) аудандары алады.

Инвестициялық салымдар көлемінің өсуі облыстың 10 өңірінде байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі Қызылжар (2,4 есе), Аққайың (1,8 есе) аудандарында айтарлықтай артты.

Сатудың ең үлкен көлемі Петропавл қ. келеді – 97,1 млрд. теңге немесе облыстық тауар айналымнан 61%, Ғ.Мүсірепов – 19,5 млрд. теңге (12,2%), Тайынша ауданы – 9,6 . млрд.теңге (6,1%).


Back to the list