• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбеде еңбек қатынастары саласында меморандумға қол қойылды 03.02.2015

Облыстың ІСБ хабарлағандай, Меморандумға Ақтөбе қаласының әкімі Е.Омаров, кәсіподақтардың аймақтық бірлестігі «Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығы» төрағасы Т.Айжарықов және «Стройдеталь» ЖШС, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Нектар» ЖШС, «Ануар» ЖШС және тағы басқа кәсіпорын басшылары қол қойды. Басты мақсат, өндірістік комплексте жұмыспен үздіксіз қамтамасыз ету және өндірістің қажетті көлемін сақтау, қала халқының мұқтажын есепке алу мен әлеуметтік қақтығыстың алдын-алу, жанұялардың бірлігі мен бейбітшілігін сақтау.

Меморандумға қол қоюға қаламыздың ірі кәсіпорындары мен мекемелері, Ақтөбе облысының кәсіподақ ұйымы орталығының төрағасы, үшжақты комиссия мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары шақырылды.

Меморандумға қол қою жұмыстары қаланың басқа кәсіпорындарымен жүргізіле береді.

 

 

 


Back to the list