03.02.2015
Щучье қаласында «Kazbeef LTD» ЖШС заманауи ет комбинаты Ресейге мәрмәр ет жеткізеді. Ақмола облысының әкімдігі хабарлағандай, бұл жерде тәулігіне Герефорд және Ангус тұқымының 35 басы сойылады. Айта кетейік, мекемеде ет Еуропалық стандартқа сай өңделеді.
Өткен жылы Ресейге 224 тонна ет жеткізілді. Сондай-ақ, Алматы мен Астана қаласында да мәрмәр етке сұраныс көп. Осы жылы ет комбинаты 1800 тонна ет өңдеуді көздеп отыр.
Айта кетейік, «Kazbeef LTD» ет комбинаты 2010 жылдан бері Ангус және Герефорд тұқымын өсірумен айналысады. 4 жыл бұрын компания АҚШ-тан 2000 мың бас ірі қара жеткізген болатын. Бүгінде ірі қара басы 12 мыңға жеткен. «Kazbeef LTD» Ақмола облысының Зеренді ауданында және Еңбекшілдер ауданының Мамай ауылында орналасқан.