• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Атырауда пошта бөлімдері жаңғыртылды 04.02.2015

№9 пошта бөлімі көп жылдар бойы жергілікті халыққа қызмет көрсетіп келеді, енді олар жаңа форматта қызмет көрсететін болады. Ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, пошта бөлімі сағат 9.00-19.00 аралығында түскі асқа үзіліссіз қызмет көрсетеді. Ғимарат кеңейтілген және қызмет көрсету аймағы екіге бөлінген. Сол жақта қаржылай қызмет болса, қарама қарсы бетте пошта қызметі орналастырылған.  Операторлар саны 2 адамнан 6 адамға дейін көбейтілді. Үшіншіден халыққа қызмет көрсету электронды кезек арқылы жүргізіледі.

«Бүгінде біз халыққа барынша қолайлы қызмет көрсететін болдық, қызметкерлеріміз адаммен тікелей тілдесе отырып қызмет көрсетеді», - деп ағынан жарылды «Қазпошта»АҚ Атыраулық филиалының директоры Ержан Омаров.

Аталып өткендей, мұнда еркін аймақ орналастырылған, онда тәулігіне 24 сағат қызмет көрсетіледі. Онда банкоматтар, терминалдар мен жалға алуға болатын арнайы ұяшықтар орналастырылған. Бұл қолы бос емес жандарға арналған қызмет. Сондай-ақ, жыл бойы автоматты  поштамен жіберу қызметін жүзеге асыру үшін арнайы техника орнатылады. Тұтынушы өз телефон неморі мен пошталық хабарландыруының кодын енгізетін болса, олар өздеріне келген затты ала алады. Пошта бөлімі бойынша 16 бейнебақылау камерасы орнатылған.


Back to the list