• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда 29 наурызда мәслихат  депутаттарының сайлауы өтеді – Ортсайлаком 03.02.2015

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды облыстық сайлау комиссиялары тағайындайды. 

Барлығы Астана қ. мәслихатының 1 депутаты, 9 облыстық депутат, 10 қалалық және 40 аудандық мәслихаттар депутаттары сайланады. 

««Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес мәслихат депутаттығына кандидаттарды белгіленген тәртіпте тіркелген республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері мен азаматтар - өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынады», - делінген хабарламада.

20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Сот іс-әрекетке жарамсыз деп таныған, сондай-ақ сот шешімі бойынша бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар сайлау және сайлану құқығына ие бола алмайды. 

Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуын олардың жоғары органдары әрбір кандидат дауысқа түсетін сайлау округін көрсете отырып жүргізеді. 

Мәслихат депутаттығына кандидаттарды азаматтардың өзін-өзі тәртібімен ұсынуы тиісті округтік сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беруі арқылы жасалады. 


Back to the list