02.02.2015
Кездесуде ШҚО әкімдігі мен ұлттық компаниялар, жүйе құраушы кәсіпорындар арасында 8 меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында әкімдік тарапынан ірі өндіріс орындарына тау-кен өндірісіне қажетті жабдық, вагон құрауға арналған жиынтық, кабель, арматура, электрожабдық сынды өнімдерге 74 млрд. теңге қаржы бөлінеді. Мәселен, Казцинк кәсіпорны ШҚО-нан 58 млрд. теңгеге тау-кен өндірісіне қажетті жабдық сатып алмақ.
Сонымен қатар, ШҚО әкімдігі мен жергілікті кәсіпорындар өндірістік өнім өндіру үрдісі мен жұмыс орнын сақтауды тұрақтандыру бойынша 6 меморандумға қол қойды.