• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысындағы  байқау барысында «Үздік ҮЕҰ» таңдалады 02.02.2015

Аталмыш байқаудың мақсаты - мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасында әлеуметтік серіктестікті нығайту.

Ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, мемлекет пен азаматтар арасында дәнекер қызметін атқарушы ҮЕҰ халықтың әр түрлі деңгейінің қызығушылығын білдіреді. Әлеуметтік диалог арқылы қоғамға жағдай жасайды.

Байқау 7 номинация бойынша өткізіледі: «»Мәңгілік ел» ұлттық идеясын насихаттау саласындағы үздік ҮЕҰ»; «Салауатты өмір салтын насихаттау және халыққа әлеуметтік көмек көрсету саласындағы үздік ҮЕҰ»; «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді дамыту саласындағы үздік ҮЕҰ»; «Отбасы құндылықтары мен гендерлік саясатты насихаттау саласында үздік ҮЕҰ»; «Азаматтық ұстанымды насихаттау саласындағы үздік ҮЕҰ»; «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін насихаттау бойынша үздік ҰЕҰ» .

Байқау жеңімпазы дипломдар мен қаржы сертификаттарына естелік сыйлыққа ие болады. 


Back to the list