02.02.2015
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқармасының жауынгерлік даярлық басқармасы мен сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі бөлімшесі осы сияқты жиынды алғаш рет ұйымдастырып отырғанын атап өту керек.
Жиынның мақсаты – жауынгерлік міндеттердің бағытына сәйкес және қазіргі заманғы ұрыс жағдайында гранатаметші мамандардың кәсіби біліктіліктері мен далалық шығудағы дағдыларын арттыру, гранатаметшілерді даярлау әдістерін жалпылау және енгізу болып табылады. Жиынға көрсетілген санаттың 130-дан астам әскери қызметшісі жұмылдырылуда.
Қатысушылар 4 топқа бөлініп, ату, инженерлік іс және жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндері бойынша нұсқаушы-мамандардың жетекшілігімен шұғылдануда. Аталмыш жиындар бөлімшенің жауынгерлік ату жаттығулары қарсаңында өткізіліп отыр. Өйткені, гранатаметші бөлімшенің жауынгерлік мүмкіндіктерін айқындайтын басты жауынгерлік бірліктердің бірі болып болып табылады.