02.02.2015
Облыс прокуроры Мұратбек Исадилов прокурорлық әрекет ету акті бойынша 1,320 млрд теңге қарыз қайтарылып, мемлекеттік бюджетке 1035 млрд теңге қайтарылғанын айтты.
«24 454 азаматтың конституциялық құқығы қорғалды, оның ішінде жалақыны қайтарып алу мәселесі бойынша 230 млн теңгеге 3100 адамның жалақысы қайтарылып берілді», - деді прокурор.
«2014 жылдың қорытындысы бойынша облыс аймағында қылмыс көрсеткіші 15,3 пайызға, яғни 15731-ден 13327-ге қысқарды, оның ішінде ауыр және өте ауыр қылмыс түрлері бар.
М.Исадиловтың ақпараты бойынша, өткен жылы прокуратура органдарына 11 мың өтініш келіп түсті, оның 7 мыңы прокуратура органдарының көмегімен шешілді, ол жалпы өтініштің 68,7 пайызын құрайды. 470 өтініш қанағаттандырылды.