01.02.2015
Жұмыс сапары барысында облыс басшысы кеніш басшыларына Малеев кен орнының қапталдарын алдын ала барлау жұмыстарын ширату міндетін жүктеді.
ШҚО-ның Ақпараттық орталығы хабарлағандай, Мұндағы кен қоры ХІХ ғасырдың басында-ақ барланғанымен, 2000 жылы ғана кен орны өзінің толық қуатына еніп, жылына 2 млн тоннадан астам өнім бере бастаған.
Айта кетерлік шайт, кен ошағында бүгінде игеріліп жатқан қазбаның бәрі кеңестік дәуірде барланып қойған, тәуелсіздік жылдарында бұл аумақтан бір де бір қазба орны анықталмаған. Сол себептен Д. Ахметов кеніш басшыларына Малеев кен орнының қапталдарын алдын ала барлау жұмыстарын ширату міндетін жүктеді.
«Малеев кен орнын толықтай зерттеу аса маңызды. 15 жыл деген көзді ашып-жұмғанша өте шығады. Сондықтан барлау жұмыстарын жылдамдату қажет. Мемлекет тарапынан да қолдау көрсетілетін болады. Бүгінгі сапар «Қазцинк» ЖШС-нің де, Малеев кенішінің де келешегі зор екендігін көрсетті», – деді Д. Ахметов.
Өз кезегінде, кКәсіпорын президенті Никола Попович барлау жұмыстарына мүкіндігінше күш салынғанын, қазіргі уақытта жер бетінен екі шақырым тереңдіктегі «салқын концентраттарды» барлау жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Бұдан кейін облыс әкімі «Казцинк» ЖШС-нің Өскемендегі әкімшілік-тұрмыстық кешенінде болып, мыс зауыты цехтарының жұмысына оң бағасын берді.