• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматы облысы Алакөл ауданының орталық қазандығы 62 мекемені жылумен қамтамасыз етпек (ФОТО) 01.02.2015

Алакөл ауданының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде және 2015 жылға арналған басым бағыттары туралы есебімен сол өңірдің әкімі Әлібек Жақанбаев баяндама жасады.
Аудан әкімінің есептік баяндамасында өндірілген ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 23,5 млрд. теңгені құрап, 15 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылғандығы, сонымен қатар ағымдағы жылы қосымша 300 жұмыс орны бар жаңа 7 өндіріс орнын ашу мәселелері айтылды.

Кездесуде аудан тұрғындары Қанатхан Нүсіпов, Ұлжалғас Дүйсебаева және қоғамдық ұйым өкілі мен дәрігерлер өздерінің баяндамаларын жасады. Аталған тұлғалар өз баяндамаларында ауданның алдағы уақыттағы даму жұмыстарына тоқталды.

"Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында үнемі тың ұсыныстар, дағдарыстан шығудың жолдарын көрсетеді. Осыларды жүзеге асыру үшін бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Біз бүгін Алакөл ауданының әкімі Ә.Жақанбаевтың аудан тұрғындары алдындағы есебінде отырмыз. Өткен жылы аудан көлемінде көптеген жұмыстардың жасалғаны анық, алайда алдымызда атқарар жұмыстар мұнан да көп", - деді әкім. 

Жиын барысында облыс әкімі А.Баталов аудан тұрғындарынан келіп түскен сұрақтарға нақты жауаптар берді. Үшарал қаласының тұрғыны Клавдия Власенконың Үшарал – Талдықорған және Үшарал – Алматы бағытында әуе қатынасы орнатылса деген сұрағына, облыс әкімі бұл жұмыстың қолға алынатындығын жеткізді. Бескөл елді мекеніндегі темір жолдың үстінен жаяу жүргіншілер өтетін көпір туралы қойылған сұраққа қатысты облыс әкімі облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Е.Жасыбаевқа бұл мәселені түбегейлі анықтап, ұсыныс беруді тапсырды.

Бұдан басқа тұрғындар облыс әкімінен Көктұма ауылындағы жағалауларға тосқауыл қою, көксерке балығын аулауға тыйым салуды алып тастау және «Вита Соя» ЖШС шаруаларының қарызын қайтарып беру сынды мәселелердің шешілуіне ықпал етуді сұрады. Келесі кезекте А.Баталов аудан басшылығына ең маңызды салалардағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.


Back to the list