01.02.2015
Кездесуге өңдеу өнеркәсібі,машина жасау, астық өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіру саласындағы 60 кәсіпкер қатысты.
«Даму» Қорының хабарлауынша, таныстырылым барысында «Бәйтерек» Холдингінің қызметкері Ермек Қазым бағдарламаның механизмі мен тәртіптерін түсіндірді. Бизнесті қолдау бағдарламасының таныстырылымы кәсіпкерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып, кәсіпкерлер бағдарлама іріктеуіне қатысу туралы сұрақтар қойды.
Бағдарламаны «Бәйтерек» холдингі өзінің еншілес компаниялары «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Казына Капитал Менеджмент» АҚ, «Технологиялық даму ұлттық агенттігі» АҚ, «Казэкспортгарант» арқылы жүзеге асырады. Олардың ішінде тікелей несиелеу, несиелерді кепілдендіру, экспорттық сақтандыру, экспорт алдындағы қаржыландыру, инновациялық гранттар бар. Бағдарлама «бір терезе» арқылы жұмыс істейді.
Бағдарламаның жүзеге асырылуы барысында өңірлік және әлемдік нарықтарда бәсекелестікке қабілетті компания ашу жоспарланған.