• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысында қоян  еті  өндірісінің көлемі арттырылады – әкімдік  (ФОТО) 29.01.2015

Бүгін аймақ басшысы Сергей Кулагин жұмыс сапары аясында үй қоянын өсірумен айналысатын шаруашылық  «АСТАНА-МИАКРО»АТҚ тыныс тіршілігімен танысып қайтты.  

Ақмола облысы әкімдігінен хабарлағандай, қоян етінің өндірісімен айналысатын кәсіпорын 2012 жылы іске қосылды. Бастапқыда Новосибирск қаласынан «Советская шиншилла», «Серебристый», «Белый великан» тұқымдас  70 ұрғашы қоян мен 10 еркек қоян алдырылды.  Бүгінде шаруашылықтағы қоянның басы 1239-ға жеткен.   

Үй қоянын өсірумен айналысатын шаруашылықтың басшысы Алтынбек Нұркенов атап өткендей, елордалық тұрғындар тарапынан қоян етіне сұраныс көп. Сондықтанда тауарды өткізу мәселесінде еш қиындықтар жоқ. Компания ағымдағы жылдан бастап қоян басын арттырып, оның етінің өндірісін ұлғайтпақшы.

Бұдан басқа, әкімдіктің мәліметі бойынша шаруашылық осы жылы қоспа жем зауытын салып, іске қоспақшы.


Back to the list