29.01.2015
«Ижевский» ЖК хабарлағандай, шаруашылық елорданың азық-түлік белдеуін жүзеге асыруға белсенді қатысуда. Аталмыш мекеме Қазақстанда ғана емес, оның сыртында да танымалдылыққа ие. Кәсіпорын жыл сайын орташа есеппен 2 млн-ға жуық құс басын өсіреді, балапандардың тәуліктік төлімен шаруа қожалықатар мен жеке сектор қамтамасыз етеді және 160 млн астам жұмыстқа өндіреді.
Ақпарат бойынша, егер 2014 жылы күнсайын сауын 2,1-2,2 тоннаны құраса, бүгінде ол 5 тоннаны көрсетіп отыр. Шаруашылық жақын болашақта күнінен 6 тонна сүт өндіруге көшпекші.
Елордалық дүкендерге қожалықтың 4 тоннадай сүт өнімдері өткізіледі. Жергілікті зауытта майлылығы 3,2% пастерленген сүт, майлылығы 2,5% айран, майлылығы 20% қаймақ, ірімшік пен сары май өндіріледі.
Аталып өткендей, бүгінде қожалықтың иелігінде 400 бастан астам ірі қара мал бар. Жаңа неміс технологиясы орнатылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сиырларды жайылымда жүрген жерінен сауға мүмкіндік беретін жаңа жазғы сүтқұбыры орнатылды. Сүт фермасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқалы қожалықтың сауын көлемі 2 есе артты.