• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматы қаласы 2014 жылы «Нұр Отан» партиясының сайлау алдындағы платформасын орындады - А. Есімов 29.01.2015

Қала әкімі әрі партияның қалалық филиалының төрағасы Ахметжан Есімов айтып өткендей, өткен жылы өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен саудада, қызмет көрсету жүйесінде жоғары қарқынға қол жетті. Қалада 1330,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 14,5 пайызға көп. Банкіден несие беру 5 трлн. теңгеге жетіп, 28, 4 пайызға артты. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 649,1 млрд. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстарғанда 2,1 пайызға ұлғайды.

«Даму» АҚ-ының даму институтымен бірге Алматы экономикасының маңызды секторларына қолдау көрсетілетін болады, осы мақсатқа 4 млрд. теңге бөлінеді. Тұтынау бағасының индексін 6-8 пайыз дәлізінде ұстап тұру үшін инфляцияны таргетирлеу бойынша шаралар жүзеге асады және негізгі әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыруға айрықша мән беріледі.

«Қазіргі кезде экономиканың барлық салалары бойынша, яғни өнеркәсіпте, көлік пен саудада және басқаларында биік деңгейге қол жетті. Алдағы міндет- оны одан әрі есеслей түсу», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Қала әкімдігінің хабарлауынша,  мегаполис басшысы Саяси кеңестің Бюросына және партияның аудандық филиалдарының төрағаларына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жолдауы мен қалалық «Дағдарысқа қарсы жоспарды» жүзеге асыруды ерекше бақылауға алуды, дағдарыстың келеңсіз процестерінің алдын алуға белсене араласуды, қалалықтардың әлеуметтік- экономикалық жағдайын одан әрі жақсартуды тапсырды.Сонымен қатар, қоғам және БАҚ өкілдерін кеңінен тарта отырып,партияның Алматы қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмысын күшейту тапсырылды.

 


Back to the list