24.01.2015
Алматы облысында қызметтік қажеттілік үшін 2014 жылы облыстық ішкі істер органдарына-177 патрульдік автокөлік, төтенше жағдайлар қызметіне-104 арнайы техника сатып алынып, пайдалануға берілді.
«Бұл қылмыстың алдын алуға, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлар кезінде уақытылы көмек көрсетуге өзінің оң нәтижесін берді. Біз бүгін аталған орғандарға салтанатты түрде қосымша 138 автокөлік пен арнайы техника кілттерін табыстағалы отырмыз. Алдағы уақытта да аталған қызметтерге тұрақты түрде қолдау көрсетілетін болады», - деді А.Баталов.
Облыстық ішкі істер және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жан-жақты қолдауларға өздерінің алғыстарын білдіріп, өңір тұрғындарының қауіпсіздігін сақтауда аянбай еңбек ететіндіктерін жеткізді.