22.01.2015
«Ғимараттың жөнделуіне 72 млн. теңге бөлінді. Айта кету қажет, бұл нысан «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жөнделгендіктен, мекемені жөндеуге мердігер мекеменің құрылысшыларынан басқа, жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін еңбек биржасынан 24-тен астам адам тартылды» - деп хабарлады Ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола медиа орталығы».
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар КММ директоры Қарлығаш Лұқпанованың ақпаратына сәйкес, 2014 жылы Бурабай ауданының 14 нысанында күрделі жөндеу жасалған: 2 мектеп, Орталық қалалық емхана, медициналық-әлеуметтік мекемелер жөнделді. Құрылыс барысында 140 жұмыс орны құрылды.
Айта кетейік, 2015 жылы Ақмола облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын бұдан әрі іске асыру үшін республикалық бюджеттен 4,3 млрд.теңге қаржы бөлу, жұмыспен қамту шаралары үшін жұмыссыз адамдардың, өз бетімен жұмыс істеуші және тұрмысы төмен 3330 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.