22.01.2015
Сонымен, өнеркәсіптік өнім көлемі 410 млрд. теңгеден асып жығылды. Ауыл-шаруашылық өнімі 1,5 млрд теңгені құрады. Негізгі капиталға 67,5 млрд теңге инвестиция құйылған. 30 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
«Бұл сөзсіз жақсы көрсеткіш. Осы қарқынмен жұмыс істеуіміз қажет»,- деді аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков.
Сонымен қатар, облыс әкімі қалада шешілмеген мәселелердің барын тілге тиек етіп, осыған байланысты Теміртау қаласының әкіміне бірқатар нақты тапсырмалар берді.