22.01.2015
Әкімдіктің мәліметі бойынша ауқымды шаралар әлемдік деңгейдегі туристік орталықты құруға бағытталған. 85 шараның ішінде – 21 млрд теңгенің 48 шарасының жауапкершілігі облыс атына тіркелген. 2015 жылы ЩБКА дамуына 2,6 млрд теңге бөлінді. Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту аясында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер салынуда.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 6 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілді, 2 дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп, 240 орындық 3 мектеп салынды, 4 қоғамдық тәртіпті қадағалау нысанын салу жоспарланған.
2014 жылы ЩБКА жобаларын жүзеге асыру үшін 3,9 млрд теңге бөлінді. «Қазақстандық Лапландия» көңіл көтеру кешені үлкен атаққа ие. Қазақстан Президентінің бастамасымен салынған кешен 3 айлық қыс маусымында 14 мың туристке қызмет көрсетеді. Жуырда ЩБКА тұңғыш вейк-паркі ашылды, «Rixos» қонақ үйінің ауданында орналасқан кешен Бурабай кешенін толықтыра түседі.
Сондай-ақ, 2015 жылы Көкшетау қаласының маңында азық-түлік белдеуі бойынша 7,4 млрд теңгенің 6 жобасы жүзеге асырылмақ. Жалпы, 2014 жылы Көкшетау аймағында азқ-түлік белдеуі аймағында 30,8 млрд теігенің азығы өндірілді, ол 2013 жылмен салыстырғанда 111 пайызды құрады.