21.01.2015
Сабақтарға 40 дана техника, 30 ЖЖӘМ экипажы, 300-ден аса офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер жұмылдырылуда.
«Аталмыш іс-шаралар экипаждың іс жүзіндегі біліктіліктерін арттыру және олардың шеберліктерін жетілдіру мақсатында өткізіліп отыр. Оқу-жаттығужауынгерлік іс-әрекеттерге барынша жақындатылған жерлерде өткізіледі», - делінген хабарламада.
Сабақтар бөлімшелердің орналасқан жерлерінен практикалық сабақтар өткізілетін жерге марш жасаудан басталды. Марштың кейбір учаскелерінде қолбасшының орынбасары даңғыл жолдан бұрып, кедергілері бар жермен жүргізді. Осындай әдістердің арқасында жүргізуші-механиктер тәжірибе жинап, әр кезең сайын қиын учаскелерден өтіп, соңында еш кедергісіз осы тапсырманы үйлесімді орындайды.
ЖЖӘМ қару-жарағымен әрекеттесуді үйрету – бұл 30 мм-лік автоматты зеңбіректен, пулеметтен ату. Атыс сабақтары күндіз әрі түнгі уақытта жүргізілді. Мәтібұлақ полигонындағы сабақтар 2015 жылғы 19-25 қаңтар аралығында өткізіліп, қорытынды шығару және ең үздік экипажды марапаттаумен аяқталады.