20.01.2015
«Өткен жыл ойдағыдай өтті. Ал, биыл жоғарыда аталған себептерге байланысты бюджет қысқаруы мүмкін. Біз қазіргі кезде жалпы сомасы 3,3 млрд. теңгенің оңтайландыру жұмыстарын жүргіздік», - деді Ахметжан Есімов.
Қаланы басқару схемасын бекіту туралы мәселені қарау барысында Үкіметтің 2014 жылдың 29 желтоқсанындағы №1397 қаулысына сәйкес Алматының жергілікті атқару органының базалық құрылымына 3 басқарма қосылды, олар - Мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылау басқармасы, Жерді пайдалануды бақылау басқармасы және Ауыл шаруашылық басқармасы.